Тимур Бекмәмбетов «Достықтан шығару» фильмінің жалғасын ұсынды

«Фильмді продюсерлер Тимур Бекмамбетов (Bazelevs) пен Джейсон Блум (Blumhouse Productions) ұсынды», — деп хабарлаған туындыны түсірумен айналысып жатқан Bazelevs кинокомпаниясының баспасөз қызметі.

Фильмнің жалғасы, яғни сиквел сенбі күні Unfriended: Dark Web («Достықтан шығару: Даркнет») деген атаумен таныстырылған.

Фильмнің сюжеті жаңа компьютерінен жасырын файлдарды тауып алып, даркнет (жеке желі) әлеміне еніп кететін жас жігіттің оқиғасы төңірегінде өрбиді.

Фильм Тимур Бекмамбетов ойлап тапқан Screenlife атты инновациялық форматта түсірілген. Ол алғаш осы фильмнің бірінші бөлімінде жүзеге асырылған болатын. Яғни, барлық оқиға басты кейіпкердің компьютерінің экранында көрініс табады. Сценарий режиссері әрі авторы — Стивен Саско.

Дереккөзkazinform.kz