Басты бетЖаңалықтар«Құрметті теміржолшы»...

«Құрметті теміржолшы» атағына он әйел қызметкер ие болды

«Жыл сайын теміржол саласының үздіктері мемлекеттік  және салалық марапаттарға ие болады. Өткен жылы он әйел «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Олардың қатарында пойызда 9 айлық баланы өлімнен құтқарып қалған жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаева да бар», — делінген хабарламада.

Теміржол құрылған кезден бастапқыдан ерлердің мамандығы саналатын. Алайда, теміржол көлігіндегі мамандықтарға соңғы жылдары әйел адамдар көптеп келе бастаған. Бұдан сала ұтылып отырған жоқ. Себебі, әйелдер кәсіби білікті мамандарға ғана емес, жауапкершілігі жоғары лауазым иелері де атанып отыр.

Қазіргі таңда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да 34 мың әйел еңбек етеді. Олардың 2 700-і басшылық қызмет атқарады.

«Баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушыларды билет кассаларында күтіп алатын, пойыздарда жолсерік ретінде алып жүретін, пойыз қозғалысын қамтамасыз ететін, станса кезекшілігін атқаратын, пойыз диспетчері, жүк және багажды қабылдап алып жөнелтетіндер де, электромеханиктер де әйелдер. Саланың экономикалық шешімдер қабылдау мен кадр мәселесін де шешетін әйелдер», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, теміржол саласында отыз жылдан бері қызмет ететін Зейнеш Баймағамбетова тоғыз жылдан бері Арқалық стансасын басқарады. Алтынкөл стансасы бастығының Логистика жөніндегі орынбасары болып Нұрбикеш Маусымбекова қызмет атқарады.  Ал, Фариза Қазжанова аса маңызды саланың жетекшісі. Ол «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ — Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің басшысы болып қызмет етеді.

Дереккөзkazinform.kz