Алматыда алғаш рет «Star of Asia» музыкалық фестивалі өтеді

Аталмыш фестиваль ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Алматының Қала күні қарсаңында мегаполисте оқиғалы туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль барысында түрлі флешмобтар мен би баттлдары көрсетіледі.

«Фестивальге хип-хоптан RnB-ға дейін, сондай-ақ инди-поп, электр және рок, яғни түрлі бағыттардағы әндердің заманауи үздік орындаушылары келеді. Әлемге танымал шетелдік диджейлер хэдлайнерлерге айналады. Концерттен өзге фестиваль барысында флешмобтар мен түрлі стильдегі би баттлдары да көрсетіледі», — дейді.

Музыкалық шараға көрермендер арнайы автобустармен бара алады. Алматыдағы Абай даңғылы Орталық стадионда және Достық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысынан автобустар жолаушыларды алып кетеді. Жолақысы- 150 теңге.

Фестивальге Оңтүстік Кореяның «U-Kiss» тобы және «Asia Song Festival», «Chineese TOP Awards», «Best Male Music Video», «Korean Culture Entertainment Awards», «Korean Video», «Daejun Awards» музыкалық сыйлықтарының лауреаттары қатысады.

Айта кетейік, билеттер «Kassir.kz» және «Chocolife.me» сайттарында, сонымен қатар «Меломан» желісі мен Республика Сарайы кассаларында сатылады.