Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Кейде бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар іштің жоғарғы оң бөлігіндегі кенеттен пайда болатын ауырсынуды туындатуы мүмкін. Бұл өт қабының түйілуі деп аталады.
Аурудың себептері қандай?
Өттің құрамында холестерин, билирубин көп болса немесе өт тұзы көп болса, өт қабында тастар пайда болады. Сондай-ақ, тастар өт қабының жеткіліксіз болғанында пайда болуы мүмкін.
Өт тастарының холестериндік және пигменттік екі түрі болады.
- Холестеринді тастар, әдетте, сары-жасыл түсті, негізінен, холестериннен тұрады. Көптеген жағдайларда өт тастарының 80% астамы холестеринді болады.
- Пигменттік тастар қошқыл түсті және билирубиннен тұрады.
Өт тас ауруының пайда болу факторларына төмендегілер жатады:
- Семіздік. Семіздікке шалдыққан адамдарда, әсіресе, әйелдерде өт тасының түзілуінің қаупі жоғары болады. Семіздік өттегі холестерин деңгейінің артуына ықпал етеді, бұл тастардың түзілуін туындатуы мүмкін.
- Тез салмақ жоғалту. Организмнің ұзақ уақыт бойы ашығуы және тез салмақ жоғалту кезінде майлардың жаппай ыдырауы жүреді, бұл кезде бауыр өтке түсетін холестериннің артық көлемін өндіре бастайды. Тез салмақ жоғалту да өт қабының босатылуының бұзылысына апаруы мүмкін.
- Метаболикалық синдром, диабет және инсулинге тұрақтылық. Бұл аурулар кезінде өт тас ауруының пайда болу қаупі артады. Метаболикалық синдромда, сондай-ақ, аурудың асқынуының пайда болуы қаупі аратады. Метаболикалық синдром – артық дене салмағымен және семіздікпен байланысты аурулар тобы. Бұл кезде жүректің аурулары және 2 типті қант диабетінің пайда болу қаупі бар.
Белгілері қалай білінеді?
Өт тас ауруы бар көптеген адамдарда қандай да бір симптомдар байқалмауы мүмкін. Симптомдары болмайтын өт қабының тастары симптомсыз немесе үнсіз деп аталады.
Ауырсыну, әдетте, бір сағаттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Өт қабының түйілуі ауыр тағамды қабылдауға байланысты кешке немесе түнде байқалады.
Егер өт түтігі бірнеше сағат бойы бітелген болса, асқынулар пайда болуы мүмкін. Асқынуларға жататындар: өт қабының қабынуы және зақымдануы, өт қабының, өт түтіктерінің немесе бауырдың инфекциялары.
Емдеу болмаған жағдайда өт түтіктерінің немесе ұйқыбезі түтігінің бітелуі өлімге әкелуі мүмкін.
Емделу жолдары қандай?
Егер өт тас ауруы симптомсыз өтсе, әдетте, емдеудің қажеті жоқ. Өт қабы түйілуінің ұстамасы пайда болуында дәрігер емдеуді тағайындайды. Өт тас ауруын емдеудің қарапайым, әдеттегі түрі – өт қабын алып тастау үшін операция өткізу. Егер науқасқа операция жасалуы мүмкін болмаса, дәрігер холестеринді өт тасын еріту үшін хирургиялық емес шараларды тағайындайды.
Операция жасалуы мүмкін емес адамдарға немесе жалпы өт түтіктерінен тастарды алып тастау үшін өт қабын алып тастауға операция — холецистэктомия жасалуының алдында науқастарға дәрігер ЭРХПГ — эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатографияны тағайындауы мүмкін.
Өт қабы – өмірлік маңызды ағза емес. Адам өт қабынсыз өмір сүре алады. Өт қабын алып тастаған кезде өт — өт қабында жиналудың орнына бауырдан бауыр және жалпы өт түтіктері арқылы тікелей ұлтабарға түседі.
Өттас ауруын болдырмас үшін не істеу керек?
Өттас ауруының пайда болуы тамақтануға тікелей байланысты. Егер құрамында холестерині көп тағамдарды пайдалансаңыз, ауруға шалдығу қаупі басым.
Вегетариан адамдар бұл аурудан зардап шекпейді. Бірақ өттас ауруына бола еттен бас тартуға болмайды. Тек көкөністер мен түрлі жаңғақтарды, апельсин, мандарин секілді жемістерді және бұршақ тәріздес дақылдарды көп жеу керек.