Dear Basketball — «Оскар — 2018»

Биылғы «Оскар» сыйлығын алған «Ең үздік қысқаметрлі анимациялық фильм». Ол танымал баскетболшы Коби Брайанттың өлеңіне жазылған. Режиссері — Глен Кин.

Piper — «Оскар — 2017»

Pixar анимациялық студиосының өнімі құмдауықтың балапаны туралы. Ол ұядан шығып, өз тамағын тауып жеу үшін түрлі қиындықтарды бастан өткереді. Картинаның режиссері — Алан Барилларо.

Bear Story — «Оскар — 2016»

Мультфильмде кәрі аю өз өмірі туралы айтып береді. Оның сценарийі Аугусто Пиночеттің билігі кезінде екіге айырылған адамдардың хикаясына негізделген.  Режиссері — Габриель Осорио Варгас.

Feast — «Оскар — 2015»

Бұл анимациялық картинада бір адамның өмірі, тұрмыстық жағдайы оның итіне берген тамағы арқылы көрсетіледі. «Ит — адамның досы» деп бекер айтылмаса керек. Ол иесінің бақыты үшін дәмді тамақтан бас тартуға да бар.

Mr Hublot  — «Оскар — 2014»

Хаблот мырза — жалғыз басты иллюминатор. Оның бірқалыпты және іш пыстырарлық өмірін робот-иті өзгертеді. 2014 жыдың үздік қысқаметрлі мультфильмінің режиссері — Лорен Уитц.