«Оскар» сыйлығы: «Ең үздік фильм» номинациясына үміткер фильмдер анықталды

Аталған тізімде 341 фильм бар. Олардың арасында «Чудо-женщина», «Бегущий по лезвию 2049»,  «Пираты Карибского моря: Мертвецы не рассказывают сказки», «Дюнкерк», «Кингсман: Золотое кольцо», «Все деньги мира» фильмдері бар. Бұл тізімге әлі 5-10 фильм қосылуы мүмкін.

Айта кетейік, «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі 2018 жылдың 4 наурыз күні Лос-Анджелесте өтеді.

Киноакадемияның ережелеріне сай, «Оскар» жүлдесіне қатысу үшін фильмдер бірнеше талаптарға сай болуы керек. Атап айтқанда, фильмнің ұзақтығы 40 минуттан кем емес; Лос-Анджелестегі кез келген коммерциялық кинотеатрда 31 желтоқсанға дейін көрсетілген; прокатта жеті күннен көп уақыт болуы тиіс.