Басты бетЖаңалықтарПавлодарда жастарға...

Павлодарда жастарға арналған алғашқы IT-орталық ашылды

Орталықтың ашылу шарасына Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Дін істері мен азаматтық қоғамының вице-министрі Абзал Нүкенов пен облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев қатысты.

IT-орталықтың басшысы Дархан Шүреновтың айтуынша, орталық жасы 14-тен 29-ға дейінгі жастарды оқытуға арналған. Олар қызықты робототехника негіздерін зерттеу, бағдарламалық қамтамасыз ету, мобильдік қосымшалар мен сайттарды және бағдарламаларды тегін құра алады. Болашақта ғимараттың «С» корпусында робототехника кабинеті ашылады.

«Дәл осындай IT-орталықты мен алғаш рет көріп тұрмын. Павлодарлық жастар жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп қоймай, оларды жасап шығаруда. Әлеуметтік экономикалық маңызы бар мұндай орталықтардың көп болғаны жақсы. Өңірдегі бизнес өкілдерін жастарға қолдау беруге шақырамын, — дейді Абзал Нүкенов».

Кездесу барысында павлодарлық студенттер мен оқушылар өздерінің старт-ап жобаларын меймандарға таныстырды.

Дереккөзpavlodarnews.kz