Көктем мезгіліне қалай дайындалу керек?

  • Жаңа мезгілге дайындықты гардеробтан бастау керек. Қыста күннің суықтығынан қалың, жарасымсыз киім киюге мәжбүр болған сәттер болғанын білеміз. Енді мұның бәрінен арылып, көңіліңіз қалаған, жеңіл, ыңғайлы киімдеріңізді шығара беруге болады. Қалың киімдеріңізді сақтамай, күздігүні қайта ашатындай етіп басқа сөреге не бөлек сөмкеге салып қойыңыз.
  • Қыздар қауымы үшін көктем мезгілі нағыз нәзіктікті танытатын уақыт. Сондықтан, көктемгі макияжда неғұрлым табиғи түстерді пайдаланған жөн. Күңгірт, қою түстерден қарағанда ашық түстер сәнде болмақ. Киім таңдағанда да “көктем түстеріне” баса назар аударыңыз. “Көктем түстеріне” жасыл, сары, көкшіл, қызғылт түстер жатады. Бұл түстер сізге нәзіктік сыйлайды және көктемгі ауа райымен жақсы үйлеседі.
Көктем-жаз 2017 сән
©vogue.ru
  • Көктем мезгілі жігіттер үшін шаштаразға баруға таптырмайтын уақыт. Қыстағы қалың шаш үлгісін өзгерту, шашқа күтім жасау жігіттердің жаңа бейнесін жасаудың бастамасы. Қыздар да жыл мезгіліне қарай шаш үлгісін өзгертіп отырғаны абзал.
  • Ағаштар бүршік жарып, жасыл желек жайқала бастайтын шақта өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысу ләззат сыйлайды. Егер бау-бақша егу мен гүл өсіруді ұнатсаңыз – көктем сіз үшін керемет уақыт.
  • Өзгерісті ойдан бастау керек. Ойыңыз, өзіңіз өзгерген соң гардеробты да өзгерткен абзал. Сәтті шоппинг, жеңілдіктер дәл осы уақытта қызып тұрған шаруаның бірі. “Темірді қызған кезінде соғыңыз”. Өз таңдауыңызға сәл еркіндік беріңіз. Көктемгі сәнде әр түрлі аксессуарлар, мойынорағыштар мен сөмкелерде сәтті үйлестіруге болады.
Сән
©Beauty-women.club
  • Көктем жаңару, жасару мезгілі болғанымен, түрлі вирустар осы мезгілде өрши түседі. Сондықтан, тамақтану рационында дәрумендерге толы тағам түрлерін көбейткен дұрыс. Көктем диета ұстау үшін аса қолайлы уақыт емес екенін ескерген жөн. Сондай-ақ, тұмау, аллергия, күйзеліспен күресу шараларын алдын-ала жүргізіп отырыңыз.
  • Салауатты өмір салтын қолға аламын десеңіз, бүгіннен бастаңыз. Көктемде айналысатын спорт түрлері де жетерлік. Бастысы, қозғалыс – бұл өмір екенін ұмытпаңыз. Бұл мезгілде таңғы және кешкі серуеннің өзі ерекше демалыс сыйлайды.
спорт, жүгіру
©yandex.ru
  • Ең бастысы, айналаңызда ғана емес, жан-дүниеңізде де көктем болсын! Күн күлімдегенде, сіз де күліңіз. Позитивті көңіл-күй өміріңізге көктемнің келгенін білдіреді. Сырттағы ауа райы құбылмалы болса да, көңіліңіздегі күн сөнбесін!