24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерін түнде тұман басады, күндіз Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының тұман, жаяу бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Дереккөзkazhydromet.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да