Астанада 120 мың адамға тегін дәрі-дәрмек беріледі

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Дәрі-дәрмекке қатысты жағдайды басқарма үнемі өз бақылауында ұстайды. Бірақ, бірыңғай дистрибьютер – «СК-Фармация» ЖШС тарапынан дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша кідірістер орын алып, бүгін емханалардың дәріханаларында бірқатар препарат жоқ»,-дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров.

Тегін дәрі-дәрмектерді берудің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, дәрілік препараттармен, медициналық өнімдермен қамту жағдайын үнемі мониторингтен өткізу мақсатында қаланың барлық емханаларында ақпараттық жүйе орнатылып жатыр.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында өткен жылы қала бойынша амбулаторлық деңгейде тегін дәрілік препараттармен 100 мыңнан астам адам қамтылды. Биыл тегін дәрі-дәрмекпен 120 мыңға тарта адам қамтылады деп жоспарлануда.