Не болды?
Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев әскерде ауыр жарақат алып, қайтыс болған Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев сенат кулуарындағы сөзіне қарағанда, Ербаянның қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол тергеу нәтижесі бойынша кінәлі азаматтар жазаланатынын айтты.
Ербаянға бастапқы ем кезінде әскери аурухана арқылы көмегімізді беріп, отбасымен байланыста болдық. Ары қарай оның жақындарымен ұлттық ұлан байланысып отырды. Менің ойымша, ұлттық ұланның басқармасы Ербаянның жерлеу рәсіміне қатысады, — дейді Шайх-Хасан Жазықбаев.
Қорғаныс вице-министрі әскери казармадағы бейне камералардың жұмысы жетіліп, кезекшілер мен психологтардың қызметі күшейгенін жеткізді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Ербаян Мұхтардың отбасы марқұмның денесін алып кетуге рұқсат беруді талап етті.
