Не болды?
Енді самокатпен жаяу жүргіншілер жолдында жүруге болмайды. Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Рolisia.kz мәліметі бойынша, жаяу жүргіншілер жолында электр самокатпен жүруге тыйым салынады. Себебі самокатшылар жаяу жүргіншілерге, әсіресе балаларға қауіп төндіреді. Былтыр елімізде самокат жүргізушілерінің кесірінен 139 жол апаты тіркеліп, 149 адам жарақат алған.
Бұған дейін елді мекендерде қозғалтқышы өшпеген көлікті автотұраққа қоюға тыйым салынған еді. Енді бұл ережені Жол жүрісі туралы заңнан алып тастады. Сонымен қатар құқық бұзу әрекетін тіркейтін камералар көбейіп, электромобильдерге арнайы мемлекеттік тіркеу нөмірі бекітілді.
Контекст
Естеріңізге салайық, биыл Астанада 1200 самокатшы жол қозғалысы ережесін бұзғандықтан 14 жол апаты тіркеліп, 16 адам жарақат алған.
