Басты бетЖаңалықтарМұғалім мәртебесі...

Мұғалім мәртебесі – өте өзекті мәселе — БҒМ

«Қазіргі таңда мұғалім мәртебесіне байланысты мәселе өте өзекті болып отыр. Себебі жалпы қоғамның, адами капиталдың дамуы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Сондықтан да бүгін Мәжілістің қабырғасында өте өзекті мәселені депутаттар көтеріп отырғанына алғыс айтқымыз келеді. Көп мәселе талқыланып, тиісті шешімдер қабылданады деп ойлаймыз», — деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында министрлікке міндеттелген тапсырмалар орындалып жатыр.

«Соның ішінде мұғалімдерге қатысты жалақының өсу мәселесі тікелей тапсырма болып беріліп, осы тапырма іске асырылып жатыр. Жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдер жалақысы 30 пайызға, жалпы өзінің біліктілігіне байланысты жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін көтерілейін деп жатыр. Үкімет тарапынан тиісті нормативті құжаттарға қол қойылып, шешім қабылданып іске асырылып жатыр», — деді вице-министр.

Дереккөзbaq.kz