Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалды

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.

2006 жылы — Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары — Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі күнге дейін — Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

ДереккөзPrimeminister.kz