Еліміздің қай қалаларында пәтер арзан?

Ең арзан баға Тараз қаласында. Ол жақтағы пәтерлердің шаршы метрі орташа есеппен 151,9 мың теңге тұрады.

Екінші орында — пәтердің әр шаршы метрі 155 мың теңгеге бағаланған Ақтөбе қаласы.

Үшінші орында — Павлодар қаласы. Бұл қалада баспананың шаршы метрі Семеймен теңесіп қалады. Үй бағасы — 159,5 мың теңге.

Рейтинг бойынша пәтер бағасының арзандығы бойынша төртінші орында Шығыс Қазақстан облысындағы Семей қаласы тұр. Ол жақтағы пәтердің әр шаршы метрі 160,4 млн теңгеге бағаланған, ал 80 шаршы метрлі кеңірек пәтерлердің бағасы орташа есеппен 12,8 млн болып тұр.

Өскемен қаласы рейтингте бесінші орында тұр. Кrisha.kz мәліметіне сай пәтердің шаршы метрі орташа есеппен алғанда 165,4 мың теңгеге, яғни Алматы мен Астана қалаларына қарағанда екі есе арзан бағаланған. Сәйкесінше, 40 шаршы метрлі пәтердің бағасы орташа есеппен 6,6 млн теңге тұрады, ал аумағы 80 шаршы метрді құрайтын үш бөлмелі пәтер бағасы Алматы мен Астанадағы шағын көлемді бір бөлмелі пәтерінің бағасымен тең (13,2 млн теңге).

Өскеменнен пәтер іздеген әлеуметтік желі қолданушылары көбінесе 5-6 миллион теңгелік пәтер іздеумен шектелген. Сондай-ақ, сайтта осы категорияға жататын нұсқалар көп болған.

ДереккөзBaq.kz