Қуат Тұмабаев

Бұл лауазымға бұған дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған Қуат Тұмабаев тағайындалды.

Ол 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық байланыс» мамандығы бойынша, ал 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 2001 жылы банк қызметкері ретінде бастаған. 2003 жылдан бастап бас маман, 2005 жылдың сәуір айынан ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік алыс-беріс және несиелендіруді жоспарлау Департаментінде бөлім бастығы болып қызмет атқарды.

2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат және жоспарлау департаментіндегі бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

2011 жылдан бастап ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2012 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры болып жұмыс атқарған.

2015 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Облыс әкімі Даниал Ахметов оның алдағы қызметіне табыс тіледі. Ал, жаңа әкім сенім артқанына алғыс білдіріп, қаланың өркендеуі жолында аянбай еңбек етуге уәде берді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!