Өткен жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толды. Осы уақыт аралығындағы екіжақты қарым-қатынас стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті.
Мәжіліс төрағасы Ұлыбритания тарапына Қазақстанның маңызды бастамаларына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелерге назар аударды.
Тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда әсіресе, экономика, білім, инновациялық технология салаларына айрықша көңіл бөлді. Осы ретте Н. Нығматулин Елбасы Жолдауында айтылған 10 міндетке тоқталып, технология және цифрландыру салаларындағы әріптістекті дамытудың маңызы зор екенін айтты. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, цифрлық экономиканы күшейту, цифрлық қызметтерді ұсыну, инновациялық орталықтарды заңнамалық қамтамасыз ету бағытында британдық әртіптестердің тәжірибесі қызығушылық тудырады.
Айта кетейік, Нұрлан Нығматулин британдық әріптестерімен ынтымақтастық жөніндегі топтар мен комитеттер арқылы іс-сапарлар жасап, тәжірибе алмасуға, заң-шығармашылық әріптестікті күшейтуге ынталы екенін жеткізді.