Берілген қарыз уақытында қайтарылуы керек — Нұрлан Нығматулин

Қаржы туралы мәселе Қазақстан Үкіметінің Грузия Үкіметіне берген мемлекеттік кредиттерін қайта құрылымдауға қатысты ратификациялық заң жобасын талқылау кезінде көтерілді.

Депутат Ирина Унжакова Грузия Үкіметінің берешекті қайтармауға қатысты жағдайы 20 жылдан асып бара жатқанын атап айтты.

Осыдан кейін Мәжіліс Спикері қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа: «Грузиндік әріптестермен қарыз мәселесінің реттелгені жақсы, дегенмен, бұл босаңсуға себеп болмауы керек. Өйткені, басқа елдермен қарыздар бойынша әлі реттелмеген сұрақтар бар», — деді.

Мәжіліс Төрағасы қайтарылған қаржылар бюджет қоржынын толтыру керектігін айта келіп: «Қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек»,-деді.

ДереккөзParlam.kz