Астанада «Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылмақ

Астанада «Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі: инновациялық ұстанымдар, сынақтар мен шешімдер» атты халықаралық конференция өтті.

Шараға ТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге арнайы келді.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын күшейту мақсатында Цифрлық ХҚКО-ларды ашып, мемлекеттік қызмет көрсетудің белсенді қағидаттарын іске асыру көзделіп отыр. Біз цифрлық технологиялар енгізіліп жатқан ғасырда азаматтарды порталға, барлық мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ұсыну керектігін түсінеміз. Сондықтан, ХҚКО жұмысын дамытудың келесі сатысында цифрлық жүйеге өткізуді жоспарладық. Оның аясында видеороликтермен қамтамасыз ету арқылы операторлардың санын азайту көзделген. Демек, кез келген азамат Цифрлық ХҚКО-на барып, оператордың көмегінсіз мемлекеттік қызметтерге өзі қол жеткізе алатындай жағдай жасамақпыз», — дейді Абылайхан Оспанов.

Төрағаның айтуынша, жыл соңында ілкі жоба ретінде Астанада Цифрлық ХҚКО-ның біреуі іске қосылмақ.