Қарағанды және Жамбыл облыстарында жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына (қар, жаңбыр, көктайғақ) байланысты Қарағанды облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1854-2005 км аралығындағы (Балқаш — Жамбыл облысының шекарасы) учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Сондай-ақ Жамбыл облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2006-2152 км аралығындағы (Қарағанды облысының шекарасы — Бурылбайтал ауылы) бөлігі көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Дереккөзkazinform.kz