Елімізде ауа райына байланысты бірнеше аймақта жол жабылды

24 қаңтарда сағат 19.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) республикадағы бірнеше бағыттар бойынша дизель жанармайы және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Алматы облысында ауа-райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тас жолында (558-615 шақырым) дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Сондай-ақ, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысында барлық бағыттар бойынша, Ақтөбе облысында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тас жолы (92-257 шақырым) жабылды.

Қостанай облысында барлық бағыттар бойынша дизельді және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Ал Қарағанды облысында республикалық маңызы бар «Алматы-Екатеринбург» тас жолы (1071-1142 шақырым, Теміртау-Ақмола облысының шекарасы) жабылды.