Қазақстандықтар Олимпиадада кімдерге жанкүйер болады?

Қазақстандықтарды Олимпиададағы хоккей қатты қызықтырып отыр. Оның ойын кестесін іздегендер саны биатлон жанкүйерлеріне қарағанда 4 есе көп. Ал интернеттен ең аз ізделген спорт түрлеріне шаңғы қоссайысы, тау және шана спорты жатады.

Спортшылардың ішінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның бес дүркін чемпионы Денис Тенге деген қызығушылық басым. Одан кейін шаңғышы Алексей Полторанин туралы ақпарат іздегендер көп. Сонымен бірге қазақстандықтар биатлоннан әлем чемпионы Галина Вишневскаяның, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваның, шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің жарыс жолына шығуын асыға күтіп жүр.