Не болды?
Ресейдің «ВкусВилл» сауда желісі Қазақстандағы барлық дүкенін жабатынын мәлімдеді. Компанияның хабарлауынша, жұмыс 9 тамызда тоқтайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Компания әлеужелідегі ресми парақшасында тұтынушыларға жазба ұсынып, ресми ақпарат жеткізді. Алайда сауда желісі Қазақстан нарығынан толық кетпейтінін айтты. Бренд өнімдері маркетплейс арқылы сатылымда қала береді. Сонымен қатар жақын арада тауарлар Қарағандыдағы «Доковил» дүкенінде сатылымға шығады.
Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім даму стратегиясын қайта қарауға байланысты қабылданды. Алда «ВкусВилл» жергілікті сауда компанияларымен және онлайн сауда платформаларымен байланысуды жоспарлап отыр.
Дүкендер жабылар алдында тұтынушылар үшін науқан ұйымдастырылады. 24 маусымнан бастап барлық өнімге 40% жеңілдік болады.
Сонымен қатар дүкен картасының иелеріне мерзімі бітпеген абонемент сомасы автоматты түрде қайтарылатыны хабарланды. Ақша картаны сатып алған төлем тәсілі арқылы аударылады.
«ВкусВилл» Қазақстан нарығына 2024 жылдан бері жұмыс істеген.
Контекст
Естеріңізге салайық, Қазақстан Ресейден келген 6 тонна қиярды кері қайтарды.
