Басты бетЖаңалықтарЭлизабет Тұрсынбаева...

Элизабет Тұрсынбаева «Жылдың үздік жас спортшысы» атанды

Ол сауалнама қорытындысы бойынша 4100 дауыс жинады. Элизабет — әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР 4 дүркін чемпионы, қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының және VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің көпдүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Жақында, 25-28 қазанда Минскіде өткен халықаралық «ICE STAR» турнирінде Элизабет бірінші орынды иеленіп, Қазақстанның әнұранын шырқатты. Ал 15-19 қараша аралығында Франциядағы Гран-При жарысында екі бағдарлама бойынша 200 ұпаймен рекордтық көрсеткішке ие болды.

25 қарашада Шанхайда өткен «Shanghai Trophy» турнирінде жеке сырғанауда күміс жүлдені иеленді.

Сондай-ақ, ол биылғы жылы Хельсинкидегі әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет Кореяда өтетін Олимпиадаға екі лицензияны жеңіп алды.