Өзбекстан жеті елдің азаматтарына визасыз режим енгізді

Енді Израиль, Индонезия, Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Түркия және Жапония азаматтары Өзбекстанда 30 күн визасыз жүре алады.

Қазір тоғыз елдің азаматтары бұл елге визасыз жүйемен келе алады: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Молдова, Ресей, Украина, және Қырғызстан (60 күнге дейін). Өзбекстан азаматтары да бұл елдерге визасыз барады.

Сондай-ақ президент 39 елдің азаматтарына туристік визаларды рәсімдеу тәртібін жеңілдетті.

Атап айтқанда, сыртқы істер министрлігіне туристік ваучер немесе Өзбекстаннан шақырту өткізу талабы алып тасталынды.

Дереккөзcentralasian.org