Түркия қазақстандықтар үшін виза рәсімдеуді жеңілдетті

«Бәріміз білетіндей, Түркия мен Қазақстан азаматтарының өзара жол жүрулері үшін бір айлық визасыз режим бар. Қазақстандағы Түркия елшілігінің ақпары бойынша 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап Түркия Республикасына жоғарыдағы визасыз жол жүруден басқа визаларды рәсімдеуге арналған (жұмыс, оқу және т.б.) өтініштер visa.gov.tr веб-сайтында орналасқан «виза өтініштерінің онлайн жүйесі» арқылы қабылданады», — делінген сәрсенбіде Facebook-тегі СІМ ресми бюетінде орналасқан ақпарда.

Министрлік ақпарынша, аталмыш жаңалық виза алуға өтініш білдірген тұлғалардың қажетті мәліметтерін жүйеге алдын-ала енгізу арқылы виза рәсімдеуді жеделдетуге әрі жеңілдетуге арналған.

Дереккөзnur.kz