Өткен жылы Қазақстан аталған рейтингте 67-орында тұрған еді. Дегенмен, визасыз баруға болатын мемлекеттер саны өзгеріссіз қалды.

| Мемлекеттер | Визасыз жүру мерзімі |
| Әзірбайжан | 90 күнге дейін |
| Албания | 90 күнге дейін |
| Антигуа және Барбуда | 1 айға дейін |
| Аргентина | 30 күнге дейін |
| Армения | 90 күнге дейін |
| Барбадос | 28 күнге дейін |
| Беларусь | 90 күнге дейін |
| Бразилия | 30 күнге дейін |
| Гаити | 3 айға дейін |
| Гонгонг (ҚХР) | 14 күнге дейін |
| Грузия | 365 күнге дейін |
| Доминика | 21 күнге дейін |
| Доминикан Республикасы | 30 күндік саяхат картасын 10$-ға алуға болады |
| Индонезия | 30 күнге дейін |
| Колумбия | 90 күнге дейін |
| Комор аралдары | Визаны шекарадан өтерде алуға болады |
| Коста Рика | 90 күнге дейін |
| Қырғызстан | 90 күнге дейін |
| Македония | 90 күнге дейін |
| Малайзия | 30 күнге дейін |
| Микронезия | 30 күнге дейін |
| Молдова | 90 күнге дейін |
| Моңғолия | 90 күнге дейін |
| Намибия | 3 айға дейін |
| Ниуэ | 30 күнге дейін |
| Кука аралдары | 31 күнге дейін |
| Ресей | 90 күнге дейін |
| Сент-Винсент және Гренадиндер | 1 айға дейін |
| Сербия | 30 күнге дейін |
| Тәжікстан | 90 күнге дейін |
| Түркия | 30 күнге дейін |
| Өзбекстан | 30 күнге дейін |
| Украина | 90 күнге дейін |
| Филипин | 30 күнге дейін |
| Оңтүстік Корея | 30 күнге дейін |
| Эквадор | 30 күнге дейін |
Ерекше талаптары бар мемлекеттер
Төмендегі мемлекеттерге шығуға жеңілдік қарастырылған. Дегенмен, арнайы талаптары бар екенін ескертікіміз келеді.
- Бурунди: шекарадан өтерде, бір айға виза алуға болады (бірақ алдын ала рұқсат алу қажет);
- Мысыр: егер туристік агенттік арқылы баратын болсаңыз, визасыз жүруге болады (30 күнге дейін);
- Хайнань провинциясы (Қытай): жергілікті туристік агенттік арқылы барсаңыз, виза талап етілмейді (топта 5 адамнан аз болмауы керек, Хайкоу мен Санья әуежайларына қону тиіс);
- Сомали: шекарадан өтерде, 30 күнге виза алуға болады (бірақ демеушінің алдын ала шақырту қағазы болуы қажет);
- Балқан уәлаяты (Түрікменстан): егер туристік агенттік арқылы баратын болсаңыз, визасыз жүруге болады;
- Черногория: әдетте бұл елге жаз мезгілінде визасыз баруға болады (2017 жылы бұл мерзім 1 сәуірден 30 қазанға дейін созылды).

Саламатсыздар ма, менің бір сұрағым бар еді, мен қазір Турцияда магистратура бағдарламасы бойынша оқып жатыр едім. Иншалла Индонезияға наурыз айында 1 аптаға практикаға барайын деп жатырмын. Олар маған шақырту қағазында виза алыңыз деп жазып жіберіпті, не істесем болады?