Басты бетҚоғам"Қайырымды көршіге...

«Қайырымды көршіге рахмет» акциясы наурыздан басталады

«Қайырымды көршіге рахмет» науқаны 1 наурыздан бастап жүргізілетін болады.

«Алғыс айту» күні аясында елімізде алғаш рет «Қайырымды көршіге рахмет» өтеді. Бұл — бірге өмір сүріп жатқан қауымдастықтар мен түрлі этностардың бірлігін нығайтатын игі бастама. Акцияда көрші үйлер, ауылдар мен аудандарда тұратын халықтардың кездесуін ұйымдастыруға болады. Онда бір біріне алғыс айтып, ескі өкпе-реніш  болса кешірім сұрау керек. Сонымен қатар, көрші орналасқан мекеме ұжымдарында осы шараға тартуға болады», — дейді Дархан Мыңбай.

Сондай-ақ ол 1 наурыздан бастап, ҚХА-ның ақпарттық жобалары таныстырылатынын айтты. 1 наурызда Ассамблеяның мультимедиялық порталы мен Қазақстан халқының интерактивті тақтасы халық игілігіне ұсынылмақ.

ДереккөзInform.kz