Алматыда «Қуаныш сыйла» қайырымдылық шарасы өтті

Акция аясында балалар «Алматы» xоккей клубымен танысып, кәсіпқой xоккейшілермен шеберлік сабағына қатысты. Өз кезегінде, спортшылар тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты да тартысты ойын үлгісін көрсетті. Хоккейден Алматық команданың ресми фан-клубы «Forza” да ойыншыларға қолдау көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Ұйымдастырушылар қонақтарды балаларға арналған шоу, аниматорлар және клоундардың қатысуымен өткен кішігірім концерттік бағдарламамен қуантты. Салтанатты кешкі ас пен сыйлықтарды табыстау рәсімі балалардың қуанышын еселей түсті.

— Бізге барлығы ұнады. Бүгін киноға барып, тамақтанып, Халық Аренаға келдік. Сондай-ақ, тамаша xоккей ойынын тамашаладық. Біздің балалар спортты жақсы көреді. Онымен қоса, бізде жүзу, армрестлинг сынды спорт түрлерінен әлемдік додалардың қатысушылары да бар. Бүгін балалар үшін керемет мереке өтті. Оларға қуаныш сыйлаған ұйымдастырушыларға деген алғысымыз шексіз, — деп бөлісті «Ақжол» қайырымдылық қорының өкілі Рушана Тахтахунова.

Шара ұйымдастырушылары: «Алматы» xоккей клубы» және «Алматы қаласының спорттық нысандар дирекциясы». Олардың айтуынша, жастарды кәсіпқой спортшылармен таныстыру, спортқа баулу олардың салауатты өмір салтын ұстануына септігін тигізері сөзсіз.

— Біз Тәуелсіздік күніне осындай мереке ұйымдастырып, «Амаль-иман» және «Ақ жол» қоғамдық қорларының 60 балалары мен жасөспірімдеріне  арнап өткіздік. Олар xоккей ойынын тамашалап, біздің xоккейшілермен танысты. Ұйымдастырушылар атынан біз оларға мектепке арналған құрал-жабдықтар мен естелік сыйлықтарын табыстадық, — деп бөлісті «Алматы» xоккей клубының директоры Ержан Айдарxанов.

Айта кетсек, «Алматы» xоккей клубы балаларды xоккей бөлімдеріне қабылдауда. Толық мәліметті «Алматы» xоккей клубының ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан таба аласыздар. Сонымен қатар, жағдайы төмен отбасылардан шыққан және дарынды, жақсы нәтижелер көрсеткен балаларға тегін бағдарламалар қарастырылған.