Қазақстанда алғаш рет 3D-дизайн, 2D-Art және сәулет жобаларына арналған байқау өтеді

Байқаудың мақсаты — елімізде тұңғыш рет 3D-бейнелі кітапхана ашып, дизайн мен сәулет өнеріндегі жаңа бағыттарды дамытуға арналған алаңдар ұсыну, сол арқылы аталмыш байқауды еліміздегі аниматорлар, дизайнерлер мен сәулетшілердің өміріндегі ең елеулі оқиғаға айналдыру.

Байқаудың ұйымдастырушысы – Сәтбаев университеті. Онда 2009 жылдан бері Орта Азиядағы ең қуатты, ең күшті суперкомпьютер орнатылған, оның базасында Қазақстандағы ең ірі рендер-ферма салынды. Суперкомпьютердің көмегімен үш айдың ішінде алғашқы толықметражды «Ер Төстік пен Айдаһар» 3D-мультфильмі жасалды.

Байқаудың Бас демеушісі – Lenovo компаниясы.

Байқау үш номинация бойынша өтеді:

  • Best 3d-Animation – үш өлшемді роликтер байқауы. Толық шығармашылық еркіндік беріледі.
  • Best Superhero 2D-Art – Қазақстандық Жаңа супербатырдың ынта-жігер, қабілеттеріне арналған бейіндемелер байқауы.
  • Best Concept Project – өз қаласының тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын азаматтарға арналған байқау.

Жүлделері

1-орын:

  • Өнімділігі жоғары Lenovo ThinkPad P51 ноутбугі (портативті жұмыс станциясы);
  • Intel Xeon X5550 процессорлы және 6 ай бойына 16gb RAM оперативті есте сақтағышы бар 4 компьютерден тұратын кішігірім рендер-ферма;
  • Алдыңғы қатарлы БАҚ-тардың біріне жеке сұхбат беру.

2-орын: Ультражіңішке, жеңіл, портативті Lenovo Ideapad 710s 13.3 ноутбугі. 

3-орын: Lenovo Tap 4 Plus 10 планшеті.

Қазылар алқасы

Болат Құспанғалиев – ҚР құрметті сәулетшісі, «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты, МААСВ академигі, Highvill Astana және Apple Town тұрғын үй кешендерінің авторы. Жас сәулетшілердің бірнеше ұрпақтарын тәрбиелеп шығарған, Қазақстандағы атақты сәулетшілердің бірі.

Рустам Тұралиев – режиссёр, 3D-дизайнер және аниматор, 3D форматында тұңғыш рет қазақстандық толықметражды «Ер Төстік пен Айдаһар» анимациялық фильмін түсіруші. Turrus анимация студиясының негізін қалаушы және директоры.

Әлихан Байқоңыров – кәсіпкер, қоғам қайраткері және блогер.

Данияр Нұрсейітов – физика-математика ғылымдарының кандидаты, зертхана меңгерушісі, ақпараттану, есептеу техникасы және басқару саласының доценті.

Тіркелу үлгісі мен жұмыстарға қойылатын талаптар туралы www.satbayev.university сайтынан білуге болады.

Байланыс телефондары:

Константин +7 (707) 372-67-89,

Зарина +7 (701) 762-61-62, +7 (727) 292-02-65 (ішкі 7214).