Қытай астанасында «Ер Төстік пен Айдаһар» қазақ мультфильмі көрсетілді

Ұйымдастырушылар отанынан жырақта жүрген жас өрендер ана тілі мен мәдениетінен алшақтамас үшін жыл сайын желтоқсан айында осында шара өткізіп тұратынан айтады.

Мультфильм басталмас бұрын бүлдіршіндер Қазақстан, туған жер, Президент туралы өлең-жырлар оқыды. Отан туралы мақал-мәтелдер айтты.

Жалпы жыл сайын Бейжіңде Тұңғыш Президент күні мен тәуелсіздік мерекесіне орай патриоттық мультфильмдер көрсету игі дәстүрге айналған. Былтыр толықметражды «Қазақ Елі» тарихи мультфильмі қойылған болатын.

Дереккөз24.kz