Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

Кілегей майы 0,7%, майлылығы 2,5% пастерленген сүт пен өсімдік майы 0,6%, сүзбе мен мәйек ірімшік 0,5%, қаймақ, маргарин, майонез 0,4% қымбаттаған.

Сұлы жармасы 0,6%, жоғарғы сорттағы ұннан жасалған нан 0,5%, кеспе 0,4%, ұнтақ жармасы 0,3% қымбаттаса, қарақұмық жармасы 4,4%, күріш 1%, тары 0,3% арзандаған.

Шпик 1%, пісірілген және жартылай сүрленген шұжық 0,6%, шошқаның жауырын бөлігі 0,5%, сиыр бүйрегі 0,4%, қой еті сүйегімен 0,2%, тауық еті 0,5%, әтеш 0,4% қымбаттаған.

Арақ-шарап 1,7%, жеміс-жидек карамелі 0,3%, жылтыр школодты емес конфет 0,2% қымбаттаса, ал қант 3% арзандаған.

Көкөніс өнімдерінің арасында қияр бағасы 10,5%, қызанақ 9,8%, орамжапырақ 4,3%, пияз 2,9%, картоп 2,8%, сәбіз 0,9%, сарымсақ 0,5% қымбаттады.

Дереккөзbaq.kz