Қырғызстаннан импортталған 1464 тонна көкөніс пен жеміс-жидек кері қайтарылды

Көлікке тиелген алма мен алмұрттың, лимон мен құрманың және кептірілген жемістердің фитосанитариялық сертификаты жоқ болып шықты. Сондай-ақ ветеринарлық бақылау инспекторлары Еуразиялық экономикалық одақ талабына сай келмейтін өсімдік тасымалының 159 дерегін анықтаған.

Өнім сапасын растайтын құжаттың жоқтығына байланысты 11 дерек әшкереленіп, 431 мың теңге айыппұл салынды. 12 тоннаға жуық өнім жойылды.

Атап өту керек, осындай заңсыздықтармен күресу мақсатында Жамбыл облысында төрт мобильді топ құрылды.