«Медеу» мұз айдынында коньки тебуді үйрететін тегін сабақтар өтеді

Тәжірибелі жаттықтырушылар кез келген «Медеу» қонақтарын, сонымен қатар арнайы мерекеге қарсы өткізіліп жатқан спорттық шараға ата-анасының қамқорлығынан айырылған 200 жуық балалар, Алматының «SOS балалар үйі» және «№1 балалар үйі» тәрбиеленушілеріне коньки тебуді тегін үйретеді.

Шара сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін жалғасады.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар келген қонақтарға көптеген сыйлық табыстап, концерттік бағдарламалар өткізбек.

Спорттық шараның басты мақсаты – қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Бұл іс-шара «Спорттық Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың жиырма бесінші ақпанында қосылған болатын. «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.