Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталған нысандар

Жуырда Алматыдағы Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы деп өзгертілді. Көпшілік оны қуана қолдады. Әлеуметтік желі авторлары "Бұл - Алматының Тұңғыш Президент күніне жасаған сыйы" деп әзілдеп те жатты. Елімізде бұдан өзге бірнеше нысан Елбасының есімімен аталады.

Нұрназен минералы

Нұрназен
©ktk.kz

2011 жылдың 1 желтоқсанында Сәтпаев атындағы геология ғылымы Институтының ғалымдары жаңа минерал тапқан еді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай оған еліміздің тұңғыш Президентінің есімін берді.

Назарбаев әуежайы

Назарбаев әуежайы
©ztb.kz

Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы идеяның авторы — қазіргі сенат депутаты Дархан Қалетаев. Ол 2008 жылы өзі «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары болып тұрғанда:

“Қазақстан” мен “Назарбаев” брендтерінің бір-бірінен ажырамайтынын бәріміз білеміз. Бүгінгі күні екеуі егіз ұғым болып кетті. Әуежайларды ел басшыларының атымен атау барлық елде бар. Мәселен, АҚШ-тағы әрбір екінші әуежай президенттің есімімен аталады. Мен ештеңені ойдан шығарып тұрған жоқпын. Үлкен Джордж Буштың атында әуежай бар… Ал, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай Қазақстанның басты әуе қақпасына айналады”,- деген еді.

Бұл бастама 2017 жылғы 20 маусымда ресми қолдауға ие болып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен әуежайға Елбасының есімі берілді.

«Нұр-Әлем» павильоны

"Нұр Әлем" павильоны, ЭКСПО

Елімізде өткен «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің басты нышаны да Мемлекет басшысының құрметіне аталған. Ол — әлемдегі диаметрі 80 метр болатын жалғыз ғимарат.

Нұркент қаласы

Нұркент
©ztb.kz

Алматы облысында салынған жаңа қаланың ауданы — 300 гектар. Құрылысы 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған Нұркент 100 мың адамға арналған.

Айта кетейік, жаңа қала теміржолшыларға арнап салынып жатыр. Бүгінде онда мектеп, балабақша және өзге де әлеуметтік нысандар тұрғызылып үлгерген.

Президент саябағы

Президент саябағы
©ztb.kz

Алматы мен Ақтөбе қалаларында ҚР Тұңғыш Президенті саябағы бар.

Назарбаев атындағы оқу орындары

Назарбаев Университеті
©zagranitsa.com

Сонымен бірге Елбасының есімімен аталатын Назарбаев университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептері бар. Олар 2009 жылдан бері жастарды білім нәрімен сусындатып келеді.

Назарбаев орталығы

Назарбаев орталығы
©ztb.kz

Көпфункционалды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі қызметінің негізгі мәні — Қазақстандағы мемлекеттілік тарихын зерттеу мен танымал ету бойынша бірыңғай және белсенді ақпараттық кеңістік құру мен одан әрі жетілдіру. Ол 2012 жылы құрылды.

Кітапхана

Назарбаев кітапханасы
©ztb.kz

ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы 2014 жылы «Назарбаев орталығында» ашылды. Онда өзге кітаптармен бірге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шетел тілдеріне аударылған авторлық кітаптары жинақталған.

Назарбаев шыңы

Назарбаев шыңы
©ztb.kz

Нұрсұлтан Назарбаев шыңы Тянь-Шань мен Іле Алатауы сілемінің солтүстігінде орналасқан. Биіктігі — 4376 метр. Ол 1998 жылға дейін Комсомол шыңы деп аталған болатын.

ДереккөзZtb.kz