Тоғыз өңірде жол жабылды

Астана

Сағат 20.00-ден бастап ауа райының нашарлауы салдарынан (қатты аяз) дизельді және қоғамдық көліктер үшін барлық бағыттар бойынша қозғалысқа тыйым салынды.

Ақмола облысы

Сағат 19.30-дан бастап бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз) дизельді және қоғамдық көліктер үшін барлық бағыттар бойынша қозғалысқа тыйым салынды.

Ақтөбе облысы

Ауа райының бұзылуына байланысты (бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулі болуы) «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық күре жолының 92-257 шақырым (Ембі-Шалқар) аралығы жабылды.

Алматы облысы

Сағат 19.00-ден бастап ауа райының нашарлауына (ШҚО аумағындағы қатты аяз салдарынан) байланысты «Алматы-Өскемен» республикалық автожолының 558-615 шақырым аралығы дизельді және қоғамдық көліктер үшін жабылды.

Павлодар облысы

Сағат 19.00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысы

Сағат 19.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер үшін жолдар жабылды.

Қарағанды облысы

Сағат 18.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Сағат 20.00-ден бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қатты аяз) барлық бағыттар бойынша дизельдік және қоғамдық автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Қызылорда облысы

Сағат 19.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (температураның төмендеуі, қатты жел) «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолда (12-216 шақырым аралығы, Қызылорда қаласы-Қарағанды облысының шекарасы) дизельдік және қоғамдық көліктер үшін шектеу қойылды.

Қостанай облысы

Сағат 21.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тасжолының 7-232 шақырым аралығы (Қостанай-Әулиекөл-Челгаши-Ақмола облысының шекарасы), «Екатеринбург-Алматы» күре жолының 555-729 шақырым аралығы (Қостанай-Сарыкөл-СҚО шекарасы), «Мамлютка-Қостанай» автожолының 180-404 шақырым аралығы (Қостанай-Ұзынкөл-СҚО шекарасы), «Жезқазған-Петропавл» тасжолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық-Ақмола облысының шекарасы), «Қарабұтақ-Комсомольская-Денисовка-Рудный» күре жолының 231-503 шақырым аралығы (Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы) дизельді отынмен жүретін жүк және жолаушылар көліктері үшін уақытша жабылды.

Сонымен қатар Қостанай облысында сағат 21.00-ден бастап дизельді отынмен жүретін жүк және жолаушылар көліктері үшін облыстық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелері жабылды.