20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін елдің басым бөлігінде қар жаумайды, тек батыс, солтүстік-батыс және елдің солтүстігіне қар түсуі мүмкін.

Республика бойынша бірқатар аймақтарда тұман түсіп, батыс пен отүстік-батыста жел күшейіп, кей жерлерде борандатады.

Алматы облысының кейбір аймақтарына тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданы аймағында желдің күші секундына 20-25 метрге дейін жетеді.

Ақтөбе, Атырау облыстарының бірқатар аумағында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, Ақтөбе облысында тұман түседі.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағандыда, түнде және таң ата Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да