«21 қаңтар күні Астананың орталық паркінде — Дүниежүзілік қар күніне арналған түрлі жарыстар өтеді»,-делінген Қазақстанның шаңғы жарысы ұлттық федерациясының хабарламасында.

Қар күні жыл сайын бір мезгілде әлемнің 30 мемлекетінде Халықаралық шаңғы федерациясының қолдауымен өтеді. Мереке жастар арасында шаңғы спортының танымалдылығын арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаға қамқорлық танытуға үйретуді көздейді.

Астанада Дүниежүзілік қар күні 2013 жылдан бері аталып өтіп келеді. Оған жыл сайын елдің барлық аймақтарынан 200-ге жуық шаңғымен сырғанаушылар қатысады.

Мереке бағдарламасында көңілді старттар, балаларға арналған шаңғы жарыстары, таза ауадағы қызықты балалар конкурстары, төбеден шанамен сырғанау, банан мен тюбингтерде сырғанау сияқты шаралар бар.

Шараға қазақстандық палуан, Гиннестің рекордтар кітабына енген спортшы Сергей Цырульников пен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттары мен универсиадалардың бірнеше мәрте жүлдегері Марк Старостин шақырылған.

ДереккөзInform.kz