Демалыс күндерін қалай қызықты өткізуге болады?

Концерттер:

MM Entertainment студиясының есеп беру кеші

Алматы қаласы Mega Park сауда орталығында 20 қаңтар күні MM Entertainment студиясының есеп беру кеші өтеді.

Кеште би топтары өнер көрсетіп, MADNESS және MSWEET, Q-pop әртістерінен: Mad Men және Crystalz, сонымен қоса сіздер үшін cover топтары және басқа да шақырылған қонақтар өнер көрсетеді.

Басталатын уақыты: 19:00-де.

Кіру тегін.

Жеңіл классикалық музыканың жаңа жылдық кеші

«Белый Рояль» арт-галереясында 20 қаңтар күні камералы оркестр өнер шеберлерінің және «Ad Libitum» атты шығармашылық жастар тобының жаңа жылдық кеші өтеді.

Бағдарламада: Вивальди, Боккерини, Моцарт, Штраус, Крейслер және т.б.

Көркемдік жетекші — халықаралық және республикалық конкурстардың лауреат-солисті  Еркен Мурзагалиев.

Кеш дирижері — Халықаралық фестивальдердің лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Юрий Дороховский.

Кеш жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген әртісі Юрий Аравин.

Басталатын уақыты: 18:00-де.

Билет құны 3500 теңге.

«Atman» триосының виртуоздық аспап кеші

20 қаңтар күні «Quadrate» музыкалық театрында «Atman» триосының кеші өтеді.

Уақыты 19:00-ден — 21:00-ге дейін.

Билет құны 3600 теңге.

Көрмелер:

«The Skin I Dressed» көрмесінің ашылуы

Smart Point орталығында 18 қаңтар күні «The Skin I Dressed» көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме 5 ақпанға дейін жалғасады.

Көрмеде испан фото-суретшісі Хуан Салликтің туындыларын тамашалай аласыздар.

Басталатын уақыты: 19:00-де.

Кіру тегін.

«Әлем жауынгерлері», «Творим вместе» кескіндеме студия көрмесінің ашылуы

Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінде 17 қаңтар күні «Әлем жауынгерлері», «Творим вместе» кескіндеме студия көрмесінің ашылуы өтті.

Көрме 31 қаңтарға дейін жалғасады.

Жобаның мақсаты: шығармашылық қабілетті арттырып, майлы кескіндеме өнерінің құпиясы мен әдістерін үйрету.

Басталатын уақыты: 15:00-де.

Кіру тегін.

«Екі әлем — екі тағзым» (Два мира — две судьбы) көрмесінің ашылуы

17 қаңтар күні  Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының Орталық көрме залында Алан Мұхитдинов пен Әлібек Қаратайдың «Екі әлем — екі тағдыр» атты көрмесінің ашылуы өтті.

Көрмеде екі суретшінің 100-ден астам туындысын көре аласыздар.

Көрме 30 қаңтарға дейін жалғасады.

Басталатын уақыты: 16:00-де.

Кіру тегін.

«Періштелер уақыты» аукциондық көрмесінің  ашылуы

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының Орталық көрме залында 14 қаңтар күні «Періштелер уақыты» авторлық қуыршақтардың қайырымдылық алдындағы аукциондық көрмесінің  ашылуы өткен болатын.

Көрме 28 қаңтарға дейін жалғасады. Көрме дүйсенбіден басқа күндері ашық.

Көрме уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Кіру тегін.

«Солтүстік-Оңтүстік бағыты. Бейнелер» атты Наталья Турдың кескіндеме көрмесі

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында 20 желтоқсан күні Ресей суретшісі Наталья Турдың «Солтүстік-Оңтүстік бағыты. Бейнелер» көркемсурет көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Көрме 14 ақпанға дейін жалғасады.

Көрме уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.

Билет құны: 300-500 теңге.

Кездесулер:

Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» кітабының тұсаукесері өтеді

«Меломан» Grand кітап дүкенінде 20 қаңтар күні Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел» кітабының тұсаукесері өтеді. Қазақстандық телеарнаның танымал журналисі, тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы өзінің 2-ші кітабын жазып шықты. Осы орайда кітабының тұсаукесерін өткізу мақсатында кездесу өткізеді.

Басталатын уақыты: 14:00-де.

Кіру тегін.

Салауатты өмір салты — Көк базарға саяхат (ЗОЖ — Гастро тур на Зеленый Базар)

20 қаңтар күні кез-келген адам СӨС — Көк базарға саяхат турына қатысуына болады. Онда қай өнімді қайдан сатып алуға болатынын айтып, рецепттермен бөлісіп, өнімдерді таңдау кезінде қандай лайфхак қолдануға болатынын, сондай-ақ қалай сауда жасау керектігін үйретеді.

Турдың барлық қатысушылары Space Team жаттықтырушылары жасаған спорттық диеталық рецепт ала алады. 

Тур бағдарламасында:

  • Көк дүкен;
  • Сыр және сүт цехы;
  • Бал, кептірілген жемістер мен жаңғақтар;
  • Ет цехы;
  • Шөп цехы;
  • Астық, жарма, ботқа;

Турға қатысқыңыз келсе мына сілтемеден өтіп, тіркелуіңіз қажет.

Басталатын уақыты: 15:00-де.

Турға қатысу тегін.

Ойын-сауық:

«Көкжайлау» шатқалында мұзда сырғанау

Guide Service Almaty алматылықтарды және қала қонақтарын «Көк-Жайлау» шатқалындағы мұзда сырғанауға шақырады.

Өтетін уақыты: «Просвещенец» шипажайы

Басталатын уақыты: 9:00-ден 19:00-ге дейін.

Мұзда сырғанауға барғыңыз келсе +7 705 555 22 57 нөміріне хабарласып, тіркелу қажет.

Кіру тегін.