Басты бетЖаңалықтарҮндістанның әйгілі...

Үндістанның әйгілі «келіні» Ананди қайтыс болды

Тәртіп сақшылары оқиғаның суицид екені анық болмағандықтан, сот-медициналық сараптама аяқталмай қорытынды айтуға ерте дейді. Себебі, актрисаның аузынан қан кетіп, денесінде жарақат белгілері байқалған.

Полиция қызметкері Судхир Бутер актрисаның достары мен көршілерінен жауап  алып жатқандығын айтты.

Қазіргі таңда тергеушілер қызды өзін-өзі өлтіруге не итермелегенін анықтап жатыр. Туыстары болса оның соңғы кездері ауыр күйзеліске ұшырағаңдығын ескертеді.

Марқұм артынан ешқандай хат жазып қалдырмаған.

Жан құрбысының мұндай жағдайға ұшырағандығын естіген белгілі актриса Сара Кхан және т.б үнді әртістері ауруханаға алғаш болып жеткен. Пратюшаны ауруханаға жеткізген өзінің жігіті Рахул екені белгілі болды. Оның өлімінен кейін, жігіті Радж Сингх із-түссіз жоғалып кеткен. Телефоны сөндірулі. Дәл сол күні, яғни кеше Пратюша мен Рахулдың тойына дайындық өткізілуі керек болатын.

Пратюшаның өліміне басты күдікті Рахул Радж Сингх, яғни жігіті.

Рахул Радж атақты продюссер, актер. Оның Пратстан бөлек, тағы да басқа кездесіп жүрген қызы болғандығы анықталған. Жəне актриса екеуінің жиі жанжалдасатыны белгілі болған.

Кешкі жаңалықтардан суық хабарды естіген үнді халқы төбелерінен жай түскендей күйде болған. Кіші Анандидың рөлін сомдаған Авика Гор әлі де сене алмай отырғанын айтты. «Мен сөз таба алар емеспін… Пратюшаны мақтан тұтамын, оның өз-өзіңе қол жұмсауы мүмкін емес. Ол менің туған әпкемдей болып кеткен. Бірнеше ай бұрын ғана онымен кездесіп, бірге ән шырқаған болатынбыз. Сол күндер әлі де көз алдымнан кетер емес. Оның қандай күйзеліске ұшырағандығынан да бейхабармын. Мен әрдайым оның өмірге риза, бақытты жүзін көретінмін. Бұл қайғылы хабарды естігең кезде, қалжың деп ойладым. Себебі кеше, «1-сәуір, күлкі күні» болатын. Есімізді жия алар емеспіз»-деді актриса.

Естеріңізге сала кетсек, «Анандидің» қазасына оның сүйіктісі себепкер болуы мүмкін.

ДереккөзBaistars.kz