«Барыс» шабуылшысы Канада құрамасы сапында Олимпиадаға қатысады

Линден Вей осы маусымда 50 ойында 52 ұпай (17+35) жинады. Канада құрамасы сапында Еуротурдың екі кезеңіне (Финляндия, Ресей) қатысты.

Өткен маусымда «Барыста» ойнаған хоккейшілердің бірі  Кевин Пулен  де
Канада құрамасының тізіміне енді.

Қазіргі таңда құраманы Уилли Дежарден жаттықтырады. Ол бұл қызметке 2017 жылдың шілде айында келген.

Айта кетейік, Канада құрамасы соңғы екі Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған.

Дереккөзvesti.kz