Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президентімен кездеседі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми аңдатпасында хабарлады.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді делінген.

Мемлекет басшысы сапар аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.