БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі тағайындалды

ЮНИСЕФ осы атақты 1954 жылдан бері тағайындап келеді. Осылайша танымал адамдардың, мәдениет, спорт, әдебиет қайраткерлерінің өз елдерінде және бүкіл әлемде балалардың құқықтарын ілгерілетуге және қорғауға қосқан үлесіне құрмет білдіреді.

Динара Садуақасова Ұлттық ізгі ниет елшісі болып тағайындалудың бар жауапкершілігін түсінетінін ерекше атап өтті.

«ЮНИСЕФ-ке маған сенім артқаны үшін ризамын және осы сенім үдесінен шығу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасайтыныма сенідіргім келеді. Балалар қамқорлық пен мейірімге бөленуі үшін, өз пікірін ересектерге жеткізе алуы үшін және өз өмірлеріне қатысты шешімдерге ықпал ете алуы үшін мен барлығымыз бірігіп, нәтиже шығаруды қалаймын. ЮНИСЕФ-тің арқасында мен мүлдем қорғалмаған балалардың құқықтары туралы көп тың мәлімет аламын. Олардың арасында ерекше қажеттіліктері бар балалар, қылмыс құрбанына немесе куәгеріне айналған балалар, құқық бұзушылық жасаған балалар, тіпті өз отбасында қатыгездікке душар болатын балалар бар. Мен сол балалардың құқықтарын ілгерілетуге және қорғауға өз үлесімді қосамын деп үміттенемін», — деді Динара.

Айта кетейік, Динара қараша айында әлемнің ең мықты шахматшыларының тізімінде 23-ші орынға көтеріліп, Қазақстан және Орталық Азия шахматшылары арасында ең жоғары рейтинг иесі атанды.

ДереккөзEgemen.kz