Қысқы Олимпиадаға мәнерлеп сырғанаудан Айза Имамбек те қатысады

Астанадағы «Алау» мұз сарайында 26-28 желтоқсанда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 11 мен 25 жас аралығындағы әр өңірден келген 80 спортшы қатысты. Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаудан 2018 жылы Пхенчханға баратын үшінші атлет анықталды.

Айта кетейік, Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева 9-орыннан көрініп, Олимпиаданың қос жолдамасын жеңіп алды. Атлеттің екінші лицензиясы кешегі өткен біріншіліктің күміс жүлдегері Айза Имамбекке тиесілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олимпиадаға мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаеваның қатысатыны белгілі еді.

ДереккөзBaq.kz