Астанада конькимен жүгіруден ҚР чемпионаты өтеді

Жарысты Астана қаласы әкімдігінің спорт-бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша дирекциясы мен № 2 БЖСМ мен елордалық дене тәрбиесі және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр.

Шараның мақсаты – конькиден жүгіру спортын елімізде ары қарай дамытып, саламатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын күнделікті спорт және дене тәрбиесімен кеңінен айналысуға шақыру. Чемпионат 100, 500, 700, 1000, 1500 және 3000 метр қашықтықтағы дистанциялар арасында өтеді. Жарысқа еліміздің барлық облыс пен Астана, Алматы қалаларының конькиден жүгірушілері белсене қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, көпсайыс бойынша 2017–2018 қысқы маусымның ашылуы «Алау» мұз сарайында өтеді.

Дереккөзastana.gov.kz