Денис Тен «Rostelecom Cup-2017» турнирінде жүлдесіз қалды

Ол «Rostelecom Cup — 2017» Гран-при турнирінде 214.35 ұпаймен 9-орыннан көрінді.

Бұл додада бірінші орынды 293.79 ұпай жинаған америкалық Натан Чен жеңіп алса, екінші орынды 290,77 ұпаймен жапондық спортшы Юзуру Ханью қанжығасына байлады. Үздік үштікті 271,06 ұпай жинаған ресейлік Михаил Коляда түйіндеді.

Айта кетейік, Денис Тен  бұл сында мұз айдынына Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «SOS d’un terrien en détresse» композициясымен шықты.

Дереккөзinform.kz