Астанадағы шырша өртеніп кетті

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов төтенше жағдайдың бүгін, 25 желтоқсанда таңғы уақытта болғанын хабарлады.

«Бүгін, 25 желтоқсанда сағат 06.19-да Тұран көшесінде тұрған шыршаның өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келіп түсті. Өрт сағат 06.38-де сөндірілді. Жедел қызметтегілер мен өрт сөндірушілердің арқасында өрт ары қарай таралмады», — деді Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ, ол өртті сөндіру екі дана техника мен Астана қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 10 адамның жұмылғанын айтты.

«Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», — деді Руслан Иманқұлов.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=17&v=6lEeDeGqh6Y

Төтенше жағдайлар комитетіндегілер тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

Дереккөзtengrinews.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да