Азиядағы ең биік нысан – будда ғибадатханасы өртеніп кетті

Мұнара Тин династиясы кезіндегі Тяньнин көне ғибадатхана кешенінің бір бөлігі болған.

Цяньсюнь храмы
©livejournal.com

Қытайдың Сычуань провинциясында “Цяньсюнь” деп аталатын 16 қабатты ағаш мұнара жанып кетті. Ол таза ағаштан салынған Азиядағы ең биік нысан, ал әлемдегі ең биік будда ғибадатханасы еді. Мұнара биіктігі шамамен 150 метрді құраған болатын.

«Жексенбі күні Қытайдың Сычуань провинциясында Азиядағы ең биік 16 қабатты ағаш мұнара өртке оранып, опырылып құлады. Зардап шеккендер жоқ. Жалынның шығу себебі анықталуда», – делінген Твиттерде видеоны орналастырған People’s Daily,China аккаунтында.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!