Бүгін Қазақстанға Қырғызстан Президенті келеді

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында Жээнбеков Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездеседі.

Екі ел басшылары Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Қырғызстан Президентін 30 қарашада Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) саммиті аясында өткізген кездесуінде Қазақстанға сапарлауға шақырған.

Ал 26 желтоқсанда Жээнбеков ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Мәскеуге барады.

ДереккөзBaq.kz