Бақытжан Сағынтаев Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

ЕҮАК отырысы басталар алдында Армения Президенті С. Саргсян Ереванда жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусь Премьер-Министрлерін қабылдады. Қонақтарға ізгі ілтипатын білдірген соң Серж Саргсян аталған кездесу қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Кездесуде тараптар интеграциялық қалыптастырулар аясындағы іске асырылатын жобаларды талқылады. Сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және алдында жасалған келісімдерді іске асыру бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Шағын құрамдағы ЕҮАК отырысы барысында қатысушылар ЕАЭО цифрлық күн тәртібі аясында бастамаларды пысықтау тәртібін, ішкі нарықтағы алып тастаулар мен шектеулерді жою бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, авиациялық оқиғаларды зерттеу бойынша орган құру жұмысының барысы, кеме қатынасы туралы Келісім жобасын, сондай-ақ ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау туралы Келісім жобасын және т. б. қарады.   

Кең құрамдағы ЕҮАК отырысында сөз сөйлеген Бақытжан Сағынтаев бүгінгі таңда халықаралық сауда қатынастарын трансформациялау жүріп жатқанын, қолдаушылық тренді және ірі елдер арасында өңірлік сауда аймақтарын салуға бәсекелестікті арттыру күшейтіліп жатқанын айтып өтті.

Осыған байланысты ЕАЭО ортамерзімді ұлттық саясаттарға жүйелік түзету жүргізуі және оларды жаңа шарттарға бейімдеуі тиіс. ЕАЭО құрылған сәттен бастап қатысушы елдердің экономикаларын дамытуға бағытталған басты бағдарламалық құжаттар қабылданды, алайда қазіргі уақытта оларды іске асыру өзекті экономикалық талдаумен нығайтылуы қажет.   

ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, олардың ішінде ЕАЭО цифрлық күн тәртібі аясында бастамаларды пысықтау туралы, ЕАЭО мүше елдердің келісілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін жүзеге асыру бойынша жол картасының іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2018-2020 жылдарға арналған Шешімдер бар.

Бұдан өзге, ішкі нарықтағы алып тастаулар мен шектеулерді жою бойынша 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы, авиациялық оқиғаларды зерттеу бойынша орган құру туралы, жалпы электр энергетикасы нарығы аясында ақпараттық алмасу жүйесін қалыптастыру туралы, сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау туралы Келісім жобасы туралы және 2018-2020 жылдары «Еуразия апталығы» көрмелік форумын өткізу туралы Өкімдерге қол қойылды. Бұдан өзге, кеме қатынасы туралы Келісім жобасы туралы Тапсырмаларға және басқа да құжаттарға қол қойылды.

ДереккөзPrimeminister.kz